01info.kz- ақпараттық портал

САБАНТОЙ — ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

0 167

Астанада Қала күні мен татар халқының көрнекті ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 140 жыл толуына арналған дәстүрлі Сабантой мерекесі өтті.

Іс-шараны Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы ұйымдастырды. Мерекеге ҚХА, Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі, Татарстан Республикасының Қазақстандағы Өкілетті өкілдігі, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бағдарлама аясында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері, шығармашылық ұжымдар мен Татарстаннан келген өнерпаздардың концерттік қойылымдары ұйымдастырылды. Қонақтар татар этносының салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сабантой – мәдени мұраны сақтауға, этносаралық келісімді нығайтуға және қоғамдық бірлікті дәріптеуге ықпал ететін маңызды этномәдени іс-шаралардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.