01info.kz- ақпараттық портал

Енді сабақтан тыс уақыттағы бала қауіпсіздігі ата-анаға жүктеледі

картина ЖИ
0 33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің құқығын қорғауға және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.

Заңдағы негізгі өзгерістер:

Мұғалімдерді қорғау және жүктемені азайту: Педагогтер мен мектеп басшылығының бала үшін жауапкершілігі тек сабақ уақытымен шектеледі, ал басқа уақытта ата-ана жауапты болады. Заңда қаралмаған есептерді талап етуге тыйым салынады. Құжаттарды бір мезгілде қағаз және электронды нұсқада жүргізуді міндеттегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Телефон қолдануды реттеу: Оқу-ағарту министрлігі мектептерде оқушылардың ұялы телефондарды пайдалану қағидаларын бекітеді.

Академиялық адалдық: Білім сапасын арттыру мақсатында «академиялық адалдық» ұғымы енгізіледі.

Дарынды балаларды қолдау: Әкімдіктер өңірлік олимпиада, спорттық жарыс және ғылыми жоба жеңімпаздарының республикалық/халықаралық кезеңдерге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

ЖОО-ға жеңілдік: WorldSkills халықаралық конкурсының жеңімпаздары университеттерге ҰБТ-сыз түсе алады.

Басқа да шаралар: Психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж балаларды қолдау кеңейтіліп, шетелдік ЖОО филиалдарының қызметі мен медициналық кадрларды даярлау жүйесі реттеледі.

дереккөз: ОАМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.