01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстандық оқушылар EuPhO 2026 Еуропалық физика олимпиадасында бақ сынауда

фото: ОАМ
0 20

2026 жылғы 12-16 маусым аралығында Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі — 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өтуде.

Бұл беделді халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам оқушы мен команда жетекшілері қатысып жатыр. Олимпиада дәстүрлі түрде екі негізгі — теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Жарыс барысында қатысушылар физика заңдарын терең меңгеру деңгейін көрсетіп, стандартты емес күрделі есептерді шешу, эксперименттік деректерді талдау және ғылыми мәселелерге тың шешімдер ұсыну қабілеттерін сынға салуда.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы

Биылғы халықаралық додада еліміздің намысын келесі дарынды оқушылар қорғауда:

  • Сейтқамит Арғын – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

  • Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

  • Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

  • Досхан Ернар – Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

  • Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

Бейсенов Бекмырза Ұласбекұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;

Исмағұлов Темірлан Айдарұлы – халықаралық олимпиадалардың жүлдегер

Қазақстан құрамасы бұл олимпиадада жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Өткен 2025 жылы отандық оқушылар айтарлықтай табысқа жетіп, қоржынға 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль және 1 құрмет грамотасын салған болатын.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.