01info.kz- ақпараттық портал

Балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау: 5 негізгі жәрдемақы

фото: ашық дереккөз
0 37

Елімізде бала туған сәттен бастап оны тәрбиелеудің барлық кезеңінде қолдау көрсететін кешенді жүйе жұмыс істейді. Қазіргі уақытта отбасыларға арналған бес негізгі жәрдемақы түрі бар:

1. Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы:

  • 1, 2 және 3-балаға – 164 350 теңге;

  • 4-ші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге.

2. Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлем:

  • Жұмыс істейтін әйелдерге соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай есептеледі.

  • Орташа көлемі: 1,2 миллион теңге.

3. Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтім төлемі:

  • Жұмыс істейтін аналар үшін соңғы 2 жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды.

  • Орташа мөлшері: 86 062 теңге.

4. Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы:

(Отбасы табысына қарамастан төленеді)

  • 4 баласы барларға – 69 330 теңге;

  • 5 баласы барларға – 86 673 теңге;

  • 6 баласы барларға – 104 017 теңге;

  • 7 және одан да көп баласы барларға – 121 360 теңге.

  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне қосымша қолдау көрсетіледі.

5. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек:

  • Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері – 81 871 теңге📌  Бүгінде тек көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақымен ел бойынша 630 мыңнан астам отбасы қамтылған. Бұл — халықты әлеуметтік қолдаудың ең ауқымды бағдарламаларының бірі.

дереккөз: @KZgovernment

Leave A Reply

Your email address will not be published.