01info.kz- ақпараттық портал

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА “КӨК ЧӨЧРӘ” ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

0 151

Жетісу облысы Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округінде ұйғырлардың “Көк чөчрә” фестиваль-мерекесі өтті.

Береке мен бірлікті дәріптеген шарада Ұлы Жеңіс күніне тағзым жасалып, этносаралық татулық пен ұлттық құндылықтар насихатталды.

Қонақтар ұйғырлардың дәстүрімен танысып, “Көк чөчрә” тағамын дайындау рәсімін тамашалады.

Айта кетсек, «Көк чөчрә» (дұрысы — «Көк чөшүр») — ұйғыр халқының дәстүрлі тағамы әрі көктем мезгілінде атап өтілетін ұлттық мерекелерінің бірі.

Бұл тағам көктемгі көктерден дайындалатын ұсақ тұшпара түрі болып саналады. Оның құрамына қалақай, жоңышқа, жалбыз, кинза, көк пияз секілді түрлі шөптер, кейде жұмыртқа қосылады. «Көк» сөзі көктемгі жасыл шөптер мен көкті білдіреді.

Ұйғыр халқында «Көк чөшүр» көктемнің келуін, жаңаруды және ағзаны қыс мезгілінен кейін тазартуды білдіретін ерекше дәстүрлі мереке саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.