01info.kz- ақпараттық портал

“ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” МЕН “АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ” ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0 446

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелерімен және «Масанчи жастары» ҚБ өкілдерімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Рзагүл Байкешов пен тыл еңбеккері Фаина Мартыновна Шкурконы арнайы барып құттықтады.

Кездесу барысында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, олардың ел үшін жасаған жанқиярлық ерлігіне, қайсарлығы мен табандылығына ерекше құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлестері үшін шынайы ризашылық пен алғыс сөздер айтылды.

Іс-шара аясында жастар өкілдері ардагерлермен әңгімелесіп, олардың өмір жолы мен еңбек тәжірибесіне қызығушылық танытты. Майдан және тыл жылдарындағы қиын кезеңдер туралы естеліктер айтылып, бейбіт өмір мен ел бірлігінің қадірін түсінудің маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Осындай тағылымды кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухты нығайтуға, сондай-ақ аға буынға деген құрмет пен қамқорлық мәдениетін дәріптеуге ықпал етеді. Ардагерлердің ерлігі мен еңбегі – кейінгі ұрпақ үшін әрдайым өнеге және ел тарихының ажырамас бөлігі болып қала береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.