01info.kz- ақпараттық портал

“РУХ. ТӘРТІП. АДАЛДЫҚ”: ТҮРКІСТАНДА ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 155

Түркістан қ. ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Адалдық – өмірдің алтын қағидасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Бұл маңызды іс-шара Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің бастамасымен өтіп, жас сарбаздарға рухани тәрбие беруге бағытталды.

Кездесу барысында мазмұнды баяндамалар жасалды:

—Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов «Адал азамат – қоғам тірегі» тақырыбында сөз сөйлеп, адалдықтың тек жеке қасиет емес, тұтас қоғамның сапасын айқындайтын негізгі құндылық екенін айтып, жастарды заңға құрметпен қарауға, ел тағдырына бейжай қарамайтын, сөзі мен ісі бір тұлға болып қалыптасуға шақырды.

—ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова «Салауатты сана – сапалы өмір кепілі» тақырыбында баяндама жасап, жас ұрпақтың тәрбиесінде отбасының, ананың рөлі ерекше екенін айта отырып, рухани тазалық, дұрыс тәрбие мен жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, саналы өмір салтын ұстануға үндеді.

—Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне тоқталды.

—Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөнінде аға жедел уәкілі, полиция майоры Марат Бимаханов нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында сөз сөйлеп, есірткіге тәуелділіктің адам өміріне, болашағына тигізетін зиянын нақты мысалдар арқылы жеткізді. Ол жастарды салауатты өмір салтын таңдауға шақырып, әрбір азаматтың өз өміріне жауапкершілікпен қарауы қажет екенін атап өтті.

—Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева өз сөзінде Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамаларына ерекше тоқталып, бұл жобалардың қоғамдағы тәртіп пен тазалық мәдениетін қалыптастырудағы рөлін айтып, жас сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Кездесу барысында сарбаздар мен оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Ашық форматтағы бұл диалог жастардың белсенділігін арттырып, рухани серпіліс сыйлады. Іс-шара соңы патриоттық әндермен жалғасып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жиынға қатысқан спикерлер «Адалдық – ұсақ нәрседен басталып, үлкен жауапкершілікке ұласады. Елдің ертеңі – адал, білімді, тәртіпті жастардың қолында» – деп, жас буынға үлкен сенім артты. Мұндай мазмұнды кездесулер – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ел бірлігін нығайтудың нақты көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.