Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында «Рух күші» атты спорттық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, спортты насихаттау және қатысушылар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.
Бағдарлама аясында шоудаун үстел теннисі мен «Достық» эстафетасы ұйымдастырылып, түрлі мүмкіндіктері бар ересектер мен балалар белсенді қатысты.