2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда музей мәдениетіне деген қызығушылықтың айтарлықтай артқаны байқалып, елдегі мәдени нысандарды 822 791 адам тамашалады. Бұл көрсеткішке музей инфрақұрылымын заманауи форматта жаңарту, жастар мен туристерге арналған интерактивті жобаларды енгізу арқылы қол жеткізілді.
Қазіргі таңда республика бойынша жұмыс істейтін 285 музейде жыл басынан бері 1219 көрме ұйымдастырылып, 4200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілген.
Сонымен қатар, Қазақстан музейлері халықаралық деңгейде белсенділік танытып, шетелдік әріптестермен бірлескен 26 көрме мен фестивальге қатысты.
Жалпы алғанда, 28 ірі халықаралық және республикалық жобаның жүзеге асырылуы ел тарихы мен мәдениетін жаңа қырынан танытып, музейлердің заманауи білім беру мен демалыс орталығына айналып келе жатқанын дәлелдейді.
Дереккөз: https://t.me/madenietaqparat