01info.kz- ақпараттық портал

Домбыра — дәуір үні: Тюменьдегі жаңа жоба

ҚХА баспасөз қызметі
0 155

Тюмень облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы Наурыз мерекесіне орай аймақ тұрғындарына ерекше тарту жасады. Енді облыс орталығында домбыра үйрену мен ана тілін меңгеру курстары аптасына 5 күн бойы жүргізіледі.

Бұл игі бастама автономияның шақыртуымен Омбы қаласынан келген кәсіби мамандар — Ризабек және Айжан Оразбаевтардың арқасында мүмкін болды. Сочи, Астана және Омбы қалаларында өткен халықаралық байқаулардың лауреаттары, өнерлі ерлі-зайыптылар енді Тюмень қазақтарының мәдени әлеуетін арттыруға атсалыспақ.

Осы аптада алғашқы ұйымдастыру жиыны өтіп, алғашқы сабақтар басталып кетті. Оқу орталығы қаланың қақ ортасында, автономия кеңсесінде (50 лет ВЛКСМ көшесі, 69) орналасқан. Бұл курстардың ашылуы жергілікті қандастар үшін үлкен қуаныш болды, себебі бұған дейінгі жексенбілік мектеп қала шетіндегі Қазаров мөлтек ауданында орналасқан болатын.

Курс оқытушылары — өз ісінің нағыз шеберлері:

  • Ризабек Оразбаев: Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің түлегі. Омбы облысы, Артақшыл ауылында туып-өскен ол бала кезінен домбыра өнерін серік еткен. Өнер мен аграрлық сала арасында таңдау түскенде, бабалар аманатын арқалаған музыка жолын таңдаған білікті маман.

  • Айжан Оразбаева: Педагог, вокалист. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған. Қазақ және орыс тілдерінен бөлек, қытай және ағылшын тілдерін жетік меңгерген көптілді маман. Ол халықаралық сахналарда қазақ әнін домбыраның сүйемелдеуімен насихаттап жүрген кәсіби музыкант.

Жаңа мектепке қабылдау туралы толық ақпаратты және жазылу шарттарын төмендегі байланыс нөмірі арқылы білуге болады:

📞 Байланыс телефоны: 8-982-901-75-88 👤 Үйлестіруші: Гүлбайра Абайқызы Қалиева (Тюмень облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясы төрағасының мәдениет және ана тілі жөніндегі орынбасары).

Дереккөз: ҚХА баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.