Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында 17–19 наурыз аралығында конькимен жүгіруден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 76 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Астана және Алматы қалалары, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары бақ сынайды. Жарыстың алғашқы күні спортшылар 500 және1500 метр қашықтықта бақ сынаса, келесі күндері1000, 3000, 5000 және 10000 метр, сондай-ақ масс-старт бойынша жарыстар өтеді. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Конькимен жүгіру спорты жоғары жылдамдықты, төзімділікті және шеберлікті талап ететін қысқыспорт түрлерінің бірі. Бүгінде қазақстандықспортшылар халықаралық аренада ел намысынабыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіпкеледі. Атап айтқанда, ұлттық құраманың 4 мүшесі Олимпиада ойындарының үздік ондығына енді. Бұл нәтиже отандық конькимен жүгіру спортының әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Барлық спортшыларға сәттілік, әділ әрі тартысты бәсекетілеймін», – деді ол. Осылайша, ел чемпионаты отандық конькимен жүгіру спортының дамуына серпін беріп, жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік ашады.
дереккөз: https://t.me/sport_comiteti