01info.kz- ақпараттық портал

Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

фотоиллюстрация ЖИ - Оқу-ағарту министрлігі
0 137

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалар мен жасөспірімдер үшін «Наурыз — жыл басы» атты республикалық сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты — Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріпте, сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында көркемдік-эстетикалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету. Байқауға жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7-18 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

1. «Наурыз және менің отбасым» — үздік сурет;

2. «Наурыз – көктемнің символы» — үздік сурет;

3. «Наурыз және Қазақстан мәдениеті» — үздік сурет.

Өтінімдер 2026 жылдың 16-27 наурыз аралығында smartziyatker.kz платформасында қабылданады. Байқау онлайн форматта өтеді, нәтижелері 2 сәуірде жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.