01info.kz- ақпараттық портал

ТАРАЗДА «ҚАМҚОР» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0 657

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі Рамазан айына орай және Наурыз  мерекесі қарсаңында «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Игі шара Тараз қаласының Қарасу мөлтек ауданында орналасқан №24 жатақхана тұрғындарының қатысуымен өтті.

Жиын барысында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы аналардан тұратын 50 отбасыға азық-түлік пакеттерін табыстады. Бірлестік төрағасы, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мухабат Турдыева жиналған қауымды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы және қасиетті Рамазан айымен құттықтады. 

Игі істің басынан табылған Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелері, Ақсақалдар кеңесі және белсенділері он бес жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.