01info.kz- ақпараттық портал

Дипломатиялық диалог: Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары азаматтарды эвакуациялау мәселесін талқылады

фото: СІМ
0 38

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев израильдік әріптесі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесу өткізді. Дипломаттар Таяу Шығыстағы қалыптасқан күрделі ахуалды талқылап, екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Сұхбаттың негізгі өзегі — Израиль аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі болды. Е.Көшербаев отандастарымызды шиеленіс аймағынан эвакуациялау ел үкіметі үшін басым міндет екенін қадап айтып, бұл процеске Израиль тарапынан барынша жәрдем көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде Гидеон Саар Қазақстанның өтінішіне түсіністікпен қарап, эвакуациялау шараларын ұйымдастыруға Израиль тарапы бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Сондай-ақ, министр Саар бұл мәселенің шешілуін өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.

https://t.me/pressmfakz

Leave A Reply

Your email address will not be published.