01info.kz- ақпараттық портал

Елге оралу: 7300-ден астам қазақстандық шиеленіс аймағынан шығарылды

фото: pic4free.com
0 35

ҚР Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.

Эвакуациялық іс-шаралар басталғалы бері отандық және шетелдік әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге аман-есен оралды. Азаматтарды қауіпсіз аймаққа шығару тек әуе жолдарымен ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да ұйымдастырылуда.

Қазіргі уақытта өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Дипломаттар жергілікті жердегі іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан және қажетті көмектің бәрін көрсетуде.

https://t.me/pressmfakz

Leave A Reply

Your email address will not be published.