01info.kz- ақпараттық портал

Қарағандыда дүкен сөрелеріндегі отандық өнім үлесі артады

фото: ашық дереккөз
0 30

Қарағанды облысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен ірі сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат жергілікті өнімдердің сауда сөрелеріндегі үлесін арттыруға және кәсіпкерлер үшін ашық әрі түсінікті жұмыс жағдайын қалыптастыруға бағытталған. Заңнама талаптарына сәйкес, сауда нысандарындағы тауарлардың кемінде 30 пайызы «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар отандық өнім болуы тиіс екенін ескерсек, бұл келісім аталған межені орындаудың нақты тетігі болмақ.

Меморандум аясында сауда желілері қазақстандық тауарларға ешқандай кемсітусіз шарттар негізінде орын ұсынуға және оларды көрнекі түрде ілгерілетуге міндеттенді. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы бизнес ұсыныстарын сүйемелдесе, әкімдік өндірістердің дамуына жәрдемдеседі, ал мемлекеттік департамент заң талаптарының сақталуын тұрақты бақылап отырады.

Бұл бірлескен қадам өндірушілер мен сауда нүктелері арасындағы байланысты нығайтып, тұтынушылардың отандық өнімге деген қолжетімділігін арттыруға жол ашады.

дереккөз: Қарағанды обл әкімі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.