01info.kz- ақпараттық портал

Бельгиялық Porschist журналы елімізге арнайы сан арнады

0 29

Бельгияның танымал Porschist журналы Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған эксклюзивті шығарылымын жарыққа шығарды. 20 жылдық тарихы бар беделді басылым бұл жолы еуропалық оқырманды еліміздің бес ірі қаласы – Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңырмен таныстырды. Әр шаһар өзінің бірегей тарихы мен заманауи келбеті арқылы дербес туристік бағыт ретінде сипатталған.

Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлағандай, басылымда оңтүстік астананың табиғаты мен урбанистік өмірінің үйлесіміне ерекше назар аударылған. Журнал редакциясы қала сәулетінің кеңестік модернизмнен бүгінгі заманауи қоғамдық кеңістіктерге дейінгі эволюциясын, гастрономиялық мәдениеті мен креативті индустриясын жоғары бағалаған.

Басылым беттерінде таныстырылған нысандар:

  • Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі;

  • Вознесенский кафедралды соборы;

  • Көктөбе демалыс орны;

  • Испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» туындысы.

Журнал үшін түсірілім жұмыстары 2025 жылдың жазында Almaty Tourism Bureau қолдауымен өткен. Porschist сияқты халықаралық платформада Қазақстан туралы арнайы санның шығуы еліміздің әлемдік медиакеңістіктегі имиджін нығайтып, Алматыны Орталық Азиядағы басты туристік хаб ретінде танытуға үлкен септігін тигізбек.

дереккөз: Алматы қ. әкімдігі  сайты

Leave A Reply

Your email address will not be published.