01info.kz- ақпараттық портал

Қарағандыда қоғамдық-гуманитарлық ғылыми жобалар конкурсы қорытындыланды

фото: ОАМ баспасөз қызметі
0 38

Қарағанды қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалдық кезеңі өтті. 2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінен 9 секция бойынша 293 жобаға 370 оқушы қатысты.

Жобаларды қорғау Regeneron ISEF халықаралық стандарттарына сәйкес ашық көрме форматында ұйымдастырылып, қазақстандық ғалымдар мен профессорлар бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен 168 оқушы I, II және III дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды: 32 – I орын, 51 – II орын, 85 – III орын. Сонымен қатар 68 қатысушы грамотамен марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі 2026 жылғы 24-27 ақпанда Астана қаласында өтеді, оған 6 секция бойынша 463 жобаға 623 оқушы қатысады.

Дереккөз: ОАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.