Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы көктемгі су тасқынына қатысты болжамдарды талқылау үшін жұмыс кеңесін өткізді. Жиын Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында ұйымдастырылды.
Кеңеске ведомство өкілдерімен қатар «Қазгидромет» РМК, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы және БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары қатысты.
Қатысушылар су тасқынын болжау әдістерін, соның ішінде «Тасқын» ақпараттық жүйесін, TALSIM-NG гидрологиялық моделін және «Қазгидромет» болжамдарын қарастырды. Сондай-ақ өңірлер бойынша су көлемі, жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы және шекаралас елдерден алынған деректер талқыланды.
Вице-министр Аслан Абдраимовтың айтуынша, түрлі әдістер мен ведомстволардың өзара іс-қимылы болжамның нақтылығын арттырып, көктемгі су тасқынына тиімді дайындалуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi