01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға толық мемлекеттік қолдаумен дайындалды ма?

фото: olympics.com
0 12

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінде отандық спортшылар кешенді мемлекеттік қолдауға ие болып, оқу-жаттығу жиындары, халықаралық жарыстарға қатысу, медициналық және ғылыми сүйемелдеу, спорттық киім-кешек, психологиялық дайындық және жарыс бағдарламаларын әзірлеу сияқты барлық қажетті тетіктер толық іске асырылуда. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі телеграм каналында жазды.

2026 жылғы Милан мен Кортина қалаларында өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы 10 дисциплина бойынша өнер көрсетті. Ұлттық құрамалар 612 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 434 халықаралық жарысқа қатысты. Дайындық сапасын арттыру үшін әлемдік деңгейдегі 13 шетелдік маман тартылды.

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың дайындығына 2025 жылы 263,4 млн теңге бөлінген. Оның жеке бапкері Алексей Урманов 26 млн теңге, хореограф И.В. Регина 23 млн теңге көлемінде еңбекақы алды. Сонымен қатар жарыс бағдарламаларын қою, екі костюм тігу және шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары қаржыландырылды.

Мемлекеттік қолдау моделі спортшыларды оқу-жаттығу кезеңінен бастап ғылыми-медициналық және материалдық қамтамасыз етуге дейін кешенді түрде қолдайды, бұл Қазақстанның қысқы олимпиадалық спорттағы көшбасшыларын әлемдік деңгейде бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.