01info.kz- ақпараттық портал

«Есіңе мені алғайсың»: Астанада М.Мақатаевтың 95 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті

фото; @madenietaqparat
0 116

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері, студенттер мен шығармашыл жастар қатысты.

Кеште ақын өлеңдері оқылып, әнге айналған шығармалары орындалды. Сонымен қатар кітапханада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға жыр жинақтары мен зерттеу еңбектері, естелік кітаптар және сирек басылымдар таныстырылды.

Дереккөз: @madenietaqparat

Leave A Reply

Your email address will not be published.