01info.kz- ақпараттық портал

Ұлттық әдебиетке құрмет: «Айбоз – 2025» және Президенттік сыйлық жеңімпаздары

фрто: Егемен Қазақстан сайты
0 15

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аида Балаева қаламгерлердің ұлттық әдебиетті дамытудағы рөлі мен мәдени саясаттың маңызын атап өтті.

Биыл Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» аталымдары бойынша 49 жас автор қатысты. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы да 7 аталым бойынша 180-ге жуық өтінімнің арасынан үздіктерді анықтады. Жеңімпаздар әділ әрі жасырын дауыс беру арқылы анықталды.

Марапаттау рәсімі шығармашылық еркіндікті қолдауға, жаңа есімдерді танытуға және ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беруге бағытталған маңызды іс-шара екенін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.