01info.kz- ақпараттық портал

Ұлттық статистика бюросы елдегі халық санына қатысты соңғы есепті ұсынды

фото: ru.freepik.com
0 52

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға көбейген (2025 жылдың басында халық саны 20 283 399 адам болған).

Халық санының ең қарқынды өсімі елордада тіркелді. Бір жыл ішінде Астана қаласына 109 530 адам қоныс аударып, қала халқының жалпы саны 1 638 233 адамды құрады. Сондай-ақ Алматы қаласында да айтарлықтай өсім байқалып, мегаполис тұрғындары 55 869 адамға артып, 2 347 924 адамға жетті.

Дегенмен, демографиялық көрсеткіштер барлық өңірде бірдей емес. Статистика деректері Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде халықтың басқа аймақтарға қоныс аудару үрдісі (миграциялық жылыстау) сақталып отырғанын көрсетті.

Дереккөз: Жарияланымдар — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Leave A Reply

Your email address will not be published.