Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрерменге фортепиано музыкасына арналған концерттік кеш ұсынды.
Бағдарламада Д. Шостаковичтің №2 концерті, С. Рахманиновтың таңдаулы прелюдиялары және А. Скрябиннің этюдтері орындалды.
Музыка кешінің арнайы қонақтары – Ресей және Башқұртстанның Халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Владимир Овчинников, сондай-ақ Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры, «Steinway Artist» атағының иегері Юрий Богданов болды.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі 1991 жылы белгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылған.
Дереккөз: ҚР МАМ баспасө қызметі