01info.kz- ақпараттық портал

Ерлерге арналған жаңа скрининг: 50-ден асқан азаматтар енді қалай тексеріледі?

фото: freepik.com
0 602

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін медициналық тексерулер мен ауруханаға жату тәртібін жеңілдетіп, жаңа талаптар енгізді. Енді емханалардағы скринингтік бағдарламалар заманауи әдістермен толықтырылып, азаматтардың денсаулығын ерте бастан бақылау мүмкіндігі кеңейді, деп хабарлайды 01info.kz ДСМ  сайтына сілтеме жасап.

Ең басты жаңалықтың бірі — скринингтен өтушілердің жас мөлшері 76 жасқа дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, 50 жастан асқан ерлер үшін екі жылда бір рет қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеуден (УДЗ) өткізу мүмкіндігі пайда болды. Бұл инсульт пен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Егер алғашқы тексеруде ешқандай кінәрат табылмаса, науқасты артық маманға жібермей-ақ, мейіргер деңгейінде тексеруді аяқтауға рұқсат берілді. Бұл емханалардағы кезекті азайтып, дәрігерлердің жүктемесін жеңілдетеді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қатерлі ісікті анықтауға арналған онкоскринингтің барлық кезеңдері тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде қолжетімді болды. Скрининг тізіміне ми қанайналымының бұзылуын және В, С гепатиттерін ерте анықтауға арналған зерттеулер қосылды. Ал 2026 жылы министрлік науқастарды оңалту және ауыр дертке шалдыққандарға көмек көрсету (паллиативтік көмек) жүйесін толық қайта қарауды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.