01info.kz- ақпараттық портал

Миланға жол ашылды: Теміртаулық биатлоншы екінші Олимпиадасына аттанады

фото: karaganda/press/news
0 174

Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владислав Киреев 2026 жылы Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып, Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қосылды, деп хабарлайды 01info.kz Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Теміртау биатлон мектебінің түлегі бұған дейін 2022 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан болатын. Оның Әлем кубогы кезеңдері мен халықаралық жарыстардағы тұрақты нәтижелері биылғы лицензиялық маусымда жеңіске жетуіне негіз болды. Спортшының бұл жетістігінде бапкері Раис Хайрутдиновтің еңбегі зор.

6–22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ақ Олимпиадада еліміздің намысын барлығы 36 спортшы қорғайды деп күтілуде. Жалпы, төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3500-ден астам атлет қатысады. Олимпиадалық лицензияларды бөлудің соңғы қорытындысы қаңтар айының соңында жарияланбақ. Қазіргі уақытта қазақстандық мерген шаңғышы дүбірлі дода алдындағы шешуші дайындық кезеңіне кірісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.