01info.kz- ақпараттық портал

Әуедегі қауіпсіздік: Иран бағытындағы рейстер туралы не білу керек?

фото: airliners.net
0 42

FlyArystan әуекомпаниясы Иранның әуе кеңістігіндегі қазіргі жағдай 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған Атырау – Доха және Ақтау – Дубай бағыттары бойынша екі рейстің орындалуына әсер ететінін мәлімдейді.

Қазіргі уақытта аталған рейстерді Иран аумағын айналып өтетін баламалы бағыттар арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. FlyArystan үшін жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі әрқашан басты басымдық болып табылады.

Әуекомпания рейстердің мәртебесіндегі кез келген өзгерістер туралы жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша WhatsApp, SMS және электрондық пошта арқылы хабарлама жібереді. Сонымен қатар, жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін FlyArystan ресми сайтындағы https://flyarystan.com/kk/flight-status сілтемесі немесе мобильді қолданба арқылы тексеріп отыру ұсынылады.

Дереккөз: Telegram: View @flyarystan_inform

Leave A Reply

Your email address will not be published.