01info.kz- ақпараттық портал

АСТАНА Қ. МЕКТЕПТЕРІНДЕ АНАЛАР КЕҢЕСТЕРІН ҚҰРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

0 278

Астана қ. ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы А.Танирбергенова мен Этномедиация орталығының жетекшісі Р.Бекишева онлайн форматта қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларымен кеңес өткізді.

Кездесуге ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Б.Ахтаева қатысты. Жиын барысында бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде Аналар кеңестерін құру, сондай-ақ жаңа бағыт — медиацияны енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар — оқушылардың, педагогтер мен ата-аналардың эмоциялық жай-күйін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Аналар кеңесі мен қала мектептерінің бірлескен жұмысы білім беру ұйымдарында қолайлы әрі үйлесімді орта қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Пилоттық кезеңде жобаға қаланың 6 ауданынан екі мектептен қатысады. Жоба сәтті іске асқан жағдайда, ол қаланың барлық мектептерінде енгізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.