01info.kz- ақпараттық портал

Болашақ мектептері: Елордада оқушы орнының тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

фото: Астана қ. әкімдігі сайты
0 3

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек  Instagram парақшасында елордадағы білім беру нысандарының құрылысы мен алдағы жоспарлары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Соңғы жылдары қалада оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, 109 мың балаға шақталған 44 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 23 нысан Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Өткен оқу жылында 25 білім беру мекемесі ашылып, рекордтық көрсеткіш тіркелсе, биылғы оқу жылы басталғалы бері тағы 9 мектеп есігін айқара ашты.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылы 13 мектеп салу жоспарланса, 2027 жылға арналған дайындық аясында тағы 16 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектептің құжаттамалары әзірленуде. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін Астанада барлығы 138 жаңа мектеп бой көтереді деп күтілуде, бұл ретте құрылыс сапасымен қатар мектеп маңын абаттандыру мәселесі де басты назарда болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.