01info.kz- ақпараттық портал

«Қолжетімділік үшін төлем»: БҚО инвесторлар тартудың тың тәсіліне көшті

фото: БҚО әкімдігі сайты
0 3

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың қатысуымен өткен маңызды кездесуде аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру және шетелдік капиталды тартудың жаңа тетіктері талқыланып, нәтижесінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды 01info.kz  БҚО әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Қытай Халық Республикасына жасалған іссапарлардың қорытындысы бойынша энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларында 19 жобаны жүзеге асыру мақсатында 11 инвестормен уағдаластық орнатылғанын атап өткен аймақ басшысы, инвесторлар үшін инфрақұрылым мәселесін шешуде «Қолжетімділік үшін төлем» атты тың тетіктің маңыздылығына тоқталды. Бұл әдіс инженерлік желілерді инвестордың өз қаражаты есебінен салып, кейіннен мемлекет тарапынан шығындарды кезең-кезеңімен өтеуді көздейтін тиімді модель ретінде таныстырылды.

Кездесу аясында облыс әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» арасындағы ынтымақтастық меморандумы бекітіліп, «Vega Power» холдингінің инвестициялық жобаларын іске асырудың нақты жол картасы мақұлданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.