01info.kz- ақпараттық портал

2026 жылғы мерейтойлар күнтізбесі: Ұлттық руханияттың алтын діңгектері

Фото:ЖИ
0 9

Қаңтар

  • 5 қаңтарҚайым Мұқамедханұлы (110 жыл): Ғалым, абайтанудың негізін қалаушы.

  • 7 қаңтарТалғат Мұсабаев (75 жыл): Халық қаһарманы, кәсіби ғарышкер.

Ақпан

  • 9 ақпанМұқағали Мақатаев (95 жыл): Ақиық ақын, қазақ поэзиясының шыңы.

  • 10 ақпанКеңес Дүйсекеев (80 жыл): Белгілі композитор.

  • 25 ақпанКәукен Кенжетаев (110 жыл): Әнші, актер, режиссер.

  • 25 ақпанМеруерт Өтекешова (75 жас): Кино және театр актрисасы, «Қыз Жібек».

  • 28 ақпанЖамбыл Жабаев (180 жыл): Ұлы жырау, абыз ақын.

Наурыз

  • 5 наурызӘлихан Бөкейхан (160 жыл): Алаш Орда жетекшісі, ұлт көсемі.

  • 7 наурызСатыбалды Нарымбетов (80 жыл): Режиссер, кинодраматург.

  • 8 наурызМанарбек Ержанов (125 жыл): Халық әртісі, әнші, композитор.

  • 13 наурызҚайрат Рысқұлбеков (60 жыл): Желтоқсан қаһарманы.

  • 22 наурызМәкілқожа Құланбаев (100 жыл): Театр және кино актері.

  • 25 наурызҚаршыға Ахмедияров (80 жыл): Күйші, дәулескер домбырашы.

Сәуір

  • 7 сәуірҚажымұқан Мұңайтпасұлы (155 жыл): Әлем чемпионы, аңыз балуан.

  • 15 сәуірШөмішбай Сариев (80 жыл): Лирик ақын.

  • 24 сәуірҚабдеш Жұмаділов (90 жыл): Халық жазушысы, тарихи проза шебері.

  • 25 сәуірКүләш Ахметова (80 жыл): Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын.

  • 29 сәуірАхмет Жұбанов (120 жыл): Академик-композитор, дирижер.

Мамыр

  • 5 мамырФатима Балғаева (100 жыл): Көрнекті қобызшы, ұстаз.

  • 6 мамырІлия Жақанов (90 жас): Композитор, жазушы, өнер зерттеушісі.

  • 6 мамырЖақсылық Үшкемпіров (75 жыл): Олимпиада чемпионы, даңқты балуан.

  • 18 мамырОлжас Сүлейменов (90 жас): Ақын, ойшыл, қоғам қайраткері.

Шілде – Тамыз

  • 4 шілдеЕрмек Серкебаев (100 жыл): Опера жұлдызы, КСРО халық әртісі.

  • 17 шілдеЛатиф Хамиди (120 жыл): Композитор, Әнұран авторларының бірі.

  • 27 шілдеТоқтар Әубәкіров (80 жас): Тұңғыш қазақ ғарышкері.

  • 1 тамызСахи Романов (100 жыл): Халық суретшісі, кино суретшісі.

  • 28 тамызӨзбекәлі Жәнібеков (95 жыл): Мемлекет қайраткері, этнограф.

  • 29 тамызСемей полигонының жабылғанына 35 жыл.

Қазан – Желтоқсан

  • 2 қазанАбдолла Қарсақбаев (100 жыл): Кинорежиссер («Менің атым Қожа»).

  • 15 қазанСайын Мұратбеков (90 жыл): Көрнекті жазушы.

  • 2 қарашаЫбырай Алтынсарин (185 жыл): Ұлы ағартушы, педагог.

  • 7 қарашаЖақып Ақбаев (150 жыл): Алаш қайраткері, заңгер.

  • 16 қарашаМанаш Қозыбаев (95 жыл): Тарихшы-ғалым, академик.

  • 10 желтоқсанЕл атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгергеніне 35 жыл.

  • 16 желтоқсанҚазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл.

  • 16 желтоқсанЖелтоқсан оқиғасына 40 жыл.

  • 19 желтоқсанӘбубәкір Ахметжанұлы (170 жыл): Фольклортанушы, этнограф.

  • 25 желтоқсанӘбікен Бектұров (125 жыл): Академик, химик-ғалым.

 

Тарихи тұлғалар мен қозғалыстар 

  • Ақсақ Темір (690 жыл): Дүниежүзілік тарихтағы ұлы қолбасшы.

  • Қабанбай батыр (335 жыл): Дарабоз қолбасшы.

  • Абылай хан (315 жыл): Қазақ елінің ұлы ханы.

  • Сартай батыр (315 жыл): Мың баланың қолбасшысы.

  • Исатай Тайманұлы (235 жыл): Ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі.

  • Дина Нұрпейісова (165 жыл): Күй анасы.

  • Абдолла Асылбеков (130 жыл): Публицист, қайраткер.

  • Баубек Бұлқышев (110 жыл): Соғыс ардагері, жазушы.

  • Исатай–Махамбет көтерілісіне 190 жыл.

  • Жанқожа батыр көтерілісіне 170 жыл.

Leave A Reply

Your email address will not be published.