01info.kz- ақпараттық портал

«Чебурашка 2» рекорд орнатты: Ресейлік сиквел екі күнде миллиард жинады

фото: kinonews.ru
0 24

Ресейлік кинопрокатта «Чебурашка 2» фильмі көрсетілім басталған алғашқы екі күннің ішінде-ақ кассалық жиыны бойынша 1 миллиард рубльден астам қаражат жинап, рекорд орнатты, деп хабарлайды 01info.kz. kinonews.ru сайтына сілтеме жасап.

Біріңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (ЕАИС) мәліметтері кино нарығында мұндай динамиканың бұрын-соңды болмағанын растап отыр.

Киносарапшылардың пікірінше, сиквелдің мұндай қарқынмен басталуы алдағы ұзақ жаңажылдық демалыстардың соңына қарай бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады. Естеріңізге сала кетейік, фильмнің алғашқы бөлімі жалпы есепте 7 миллиард рубльге жуық (сол кездегі бағам бойынша 100 млн доллар) табыс тауып, Ресей тарихындағы ең табысты киножобаға айналған болатын.

Қазіргі уақытта прокатта «Чебурашкадан» кейін келесі туындылар көш бастап тұр:

  • «Простоквашино»: Режиссер Сарик Андреасянның бұл экранизациясы 477 миллион рубль жинап, екінші орында келеді.

  • «Буратино»: Ауқымды жарнамалық науқан мен көрерменнің ностальгиясына бағытталған талпыныстарына қарамастан, әзірге көшбасшылыққа таласа алмай отыр.

Жалпы алғанда, 2026 жыл Ресей кинопрокаты үшін өте сәтті басталды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта саланың дамуына жақсы серпін беретіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.