01info.kz- ақпараттық портал

Мемлекет басшысының кең көлемді сұхбаты «Turkistan» газетінде жарияланады

Фото: t.me/ruslanzheldibay
0 90

5 қаңтар күні отандық БАҚ беттерінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті мазмұнды сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Президент бұл жолы «Turkistan» газетінің бас редакторы, белгілі қаламгер Бауыржан Бабажанұлының сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы маңызды басылымдарға жыл басында сұхбат беруді игі дәстүрге айналдырған. Мәселен, өткен жылы Президенттің ой-толғамдары республикалық «Ана тілі» газетінде жарияланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.