01info.kz- ақпараттық портал

Сенат ЛГБТ насихаты мен педофилияға тыйым салатын заңды мақұлдады

фото: Ашық дереккөз
0 18

Қазақстан Парламенті Сенаты ЛГБТ насихаты мен педофилияны дәріптейтін контентке тыйым салуды көздейтін заң түзетулерін екінші оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жолдады.

Жаңа заң аясында «Бала құқықтары туралы» заңға жас ұрпақты дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынас пен педофилиядан қорғауға бағытталған арнайы нормалар енгізіліп, БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында мұндай ақпаратты таратуға ресми түрде шектеу қойылды.  Сенат мақұлдаған құжат Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ресми түрде күшіне еніп, еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық тетігіне айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.