01info.kz- ақпараттық портал

Түркістан облысындағы Келес өзені арқылы өтетін апатты көпірдің орнына жаңа нысан салынады

фото: Түркістан обл әкімдігі сайты
0 19

Келес ауданындағы 1970 жылы салынған көпірдің тіректері тозуы мен толассыз жауын салдарынан шөгіп, пайдалануға жарамсыз болып қалды. Жағдайды реттеу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов оқиға орнында көшпелі кеңес өткізіп, жаңа көпір салу жөнінде нақты шешім қабылдады, деп хабарлайды  01info.kz әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мамандар жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көпірдегі қозғалыс толық тоқтатылып, көліктер Алпамыс батыр және Біртілек ауылдық округтері арқылы өтетін айналма жолдарға бағытталды. Сонымен қатар, зақымдалған су құбырына байланысты Ұшқын елді мекенінің 136 абонентіне су арнайы автоцистерналармен тасымалдануда, ал осы ауылдың 40 оқушысы тоқсан соңына дейін қашықтан оқыту форматына көшірілді. Нысанда техникалық тексеру жұмыстары жалғасуда және мәселе облыс басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.