01info.kz- ақпараттық портал

Асқақ рухты Әулиеата: республикалық әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды

фото: Жамбыл обл әкімдігі ресми сайты
0 17

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев еліміздің ақын-жазушыларын жинаған «Асқақ рухты Әулиеата» ІІ республикалық әдеби-мәдени байқауының қорытынды кешіне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды 01info.kz.

Мерекелік кеш «Ашық микрофон» форматында өтіп, жырсүйер қауым танымал ақындардың өлеңдерін оқыды.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл топырағын – Жамбыл Жабаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Совет Әлімқұлов сынды тұлғалардың ұлы мектебі ретінде атап өтті. Ол байқаудың ұлт әдебиетінің жаңа тынысын ашатын, рухани кеңістікті байытатын шоқтығы биік бәсеке екенін айтып, жеңімпаздарды құттықтады.

Салтанатты шарада «Асқақ рухты Әулиеата» байқауының жеңімпаздарына марапаттар табысталды. Жүлдегерлер әдебиеттің түрлі номинациялары бойынша танымал тұлғалардың атындағы жүлделерге ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.