Абай облысы әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлайды 01info.kz.
Кездесуге Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының делегациялары қатысты.
Еркін форматта өткен жүздесуде мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазақ диаспорасының бастамаларын қолдау және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.