Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында табиғат қорғау полициясы мен аудандық полиция қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде заңсыз аңшылық фактісі анықталды, деп хабарлайды 01info.kz.
Шағатай ауылдық округінің орман алқабында Toyota Avensis автокөлігі тоқтатылып, ішіндегі төрт ер адамнан тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, екі адамнан аңшы мылтығы тәркіленіп, көліктің жүк салғышынан төрт еліктің өлексесі табылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.