Астанада таңертеңнен бері ауа райының күрт нашарлауына байланысты қалың қар жауып, жол қозғалысы қиындады, деп хабарлайды 01info.kz.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңнан бері қалада 93 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген.
Полиция жүргізушілерге мынадай ескертулер жасайды:
- Жылдамдық режимін сақтау және қашықтықты ұлғайту.
- Кенет маневр жасамау.
- Жаяу жүргінші өткелдеріне және бағдаршамдарға жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету.
Сонымен қатар, көліктердің техникалық жағдайын бақылау және қысқы шиналарды міндетті түрде қолдану қажеттігі еске салынды. Қысқы шина болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Астана Полициясы жолдағы қауіпсіздік әркімнің өзіне байланысты екенін айтып, жүргізушілерді сақ болуға, ауа райына байланысты сапар бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.