01info.kz- ақпараттық портал

Аналар кеңесінің маңызды жиыны: Отбасы мен тәрбие – ұлт болашағының кепілі

фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 25

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Аналар кеңесінің «Әрекет алаңы» жобасы аясында кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлайды 01info.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова сөз сөйлеп, Аналар кеңесінің отбасы институтын нығайтудағы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова ҚХА-ның «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Басқосу барысында отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпақ тәрбиесі мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, нашақорлық, лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) сияқты зиянды әдеттердің алдын алу және әлеуметтік кеселдерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның соңында киізден сурет жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар қолөнер арқылы қазақ халқының мәдени болмысымен және тарихи тамырымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, отырыс басталмас бұрын қатысушылар Астана қаласының Психологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.