Астана қаласының бас санитарлық дәрігері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды 01info.kz Астана қаласы СЭБД-ға сілтеме жасап.
Негізгі шектеулер мен міндетті шаралар мынадай:
Медициналық мекемелердегі өзгерістер
Соңғы бір аптада Астанада ЖРВИ-дің 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның 58% (7824 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың 25% оқушылар.
Санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша:
- Маска режимі медициналық персонал мен пациенттер үшін міндетті.
- Емханаларда сүзгі-кабинеттерінің жұмысы енгізіліп, Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) көрсету ғимараттарына кіреберістерде үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
- Жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың ЖРВИ және тұмау белгілері бойынша үйге шақыртулары бірінші кезекте орындалады, күнделікті бақылау (патронаж) жүргізіледі.
- Медициналық ұйымдардың жұмыс уақыты ұзартылды: жұмыс күндері 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін.
Білім беру ұйымдарына қатысты тапсырмалар
Білім және денсаулық басқармаларына келесі тапсырмалар берілді:
- Қашықтан оқыту: Сыныптағы оқушылардың жалпы санының 30% немесе одан көп бөлігінде ЖРВИ жағдайы тіркелсе, сыныптар қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
- Кабинет жүйесін жою: Бір сыныптағы оқушылардың 20-30%-ы ауырған жағдайда, кабинет жүйесі жойылып, он күн бойы жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады.
- «Таңғы сүзгі»: Әр ауысым алдында «таңғы сүзгі» жүргізіліп, жедел респираторлық ауру белгілері бар оқушылар, мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар және педагогтар сабаққа жіберілмейді.
- Тыйым салу: Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізу тоқтатылады.