01info.kz- ақпараттық портал

«Байтақ» партиясы Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсынды

0 29

Алматы қаласында өткен «Байтақ» жасылдар партиясы филиалының V конференциясында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынғанын жариялады, деп хабарлайды 01info.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Сүлейменовтің тарихи рөлі, әсіресе «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құрудағы қызметі, Семей ядролық полигонын жабуда шешуші рөл атқарды. Оның бастамасының нәтижесінде АҚШ-тың Невада штатындағы полигонды қоса алғанда, әлемдегі бірнеше ірі ядролық полигонның жабылуына жол ашылды. Бұл жаһандық қауіпсіздікке қосылған үлкен үлес.

Партия бұл ұсыныс Қазақстанның халықаралық беделін арттыратынына сенімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.