01info.kz- ақпараттық портал

Ұлағатты төркіндеу: Қоғам қайраткері Камал Әлпейісова «Ел Анасы» атағына ие болды

фото: ашық дереккөз
0 212

Белгілі жазушы, ақын, қоғам қайраткері және қазақ руханиятындағы ілеспе аударманың негізін қалаушы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова  70 жасқа толу мерейтойы аясында өзінің туған өлкесі Торғай өңірінде болып, бірқатар ресми және мәдени-танымдық іс-шараларға қатысты. Ұлттық құндылықтар мен отбасылық институтты нығайтуды көздейтін «Төркіндеу» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл ресми сапар Арқалық қаласында жалғасын тапты.

Іс-шараның ресми бөлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының акт залында басталды. Шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, сондай-ақ қалалық Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері, білім беру саласының мамандары және қала тұрғындары қатысты.

Сапар аясында Мемлекеттік комиссия мүшелері мен түрлі саланың білікті мамандарынан құралған делегация Арқалық қаласының мақсатты аудиторияларымен арнайы кездесулер өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының кітапхана қорына мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің авторлық туындылары мен Камал Әлпейісованың шығармалары ресми түрде табыс етілді.

Мерейтойлық шығармашылық кеш барысында Камал Әлпейісованың көпжылдық қоғамдық-саяси қызметі, ұлттық тәрбие мен аналар институтын дамытуға қосқан елеулі үлесі жоғары бағаланып, оған Республикалық Аналар кеңесінің ең жоғарғы марапаты — «Ел Анасы» атағы беріліп, тиісті лентасы мен арнайы білезігі салтанатты түрде табыс етілді.

Ашық дереккөз

Leave A Reply

Your email address will not be published.