01info.kz- ақпараттық портал

ҰБТ-ның аралық қорытындысы: 92 мың рет тапсырылды

0 48

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ-ны талапкерлер 92 мыңға жуық рет тапсырып үлгерді. Олардың 71%-ы қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде тест тапсырды. Екінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 65%-ы шекті балл жинады, орташа көрсеткіш — 63 балл, ал ең жоғары нәтиже — 138 балл. Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 талапкер қатысып, оларға қолайлы жағдай жасалды.

ҰБТ барысында 178 ереже бұзушылық анықталды: 103 адам тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестке жіберілмесе, 75 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Өзге адамның орнына кіру фактісі тіркелген жоқ. Биыл ҰБТ бейнежазбалары 31 қазанға дейін тексеріледі, ереже бұзғаны анықталғандардың гранты немесе нәтижесі кейін де жойылуы мүмкін. Айта кетейік, биыл 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.

Дереккөз: ҚР ҒЖБМ сайты

Leave A Reply

Your email address will not be published.