01info.kz- ақпараттық портал

«Birlik» ансамблі — ел бірлігінің символына айналды

фото: ашық дереккөз
0 59

«Birlik» би ансамблі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт қойды. Шығармашылық ұжым көрермен назарына еліміздің сан қырлы мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерінің байлығын паш ететін мазмұнды бағдарлама ұсынды.

Би тілі арқылы өнердің біріктіруші құдіретін паш еткен ансамбльдің әрбір нөмірі достық, өзара құрмет пен келісім атмосферасын асқақтата түсті. Ұжым репертуарындағы қазақстандық этностардың хореографиялық мұрасы мен ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін заманауи туындылар көрермен тарапынан жоғары ілтипатпен қабылданды.

Көп жылдар бойы мәдени құндылықтарды насихаттап, мәдениетаралық ықпалдастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. «Birlik» ансамблінің бұл концерті Қазақстан халқының бірлігін дәріптеп, еліміздің мәдени қазынасын сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындаған символдық мәні бар оқиға болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.