01info.kz- ақпараттық портал

«Батырларға тағзым»: Жеңіс солдаттарының цифрлық шежіресі жасалып жатыр

фото: ЖИ
0 65

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында «Батырларға тағзым» онлайн-порталын толықтыру жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Былтыр басталған бұл ауқымды жоба аясында қазіргі таңда 705 488 ардагер туралы құнды мәлімет жинақталды. Оның ішінде 365 Кеңес Одағының Батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры және 19 «Даңқ» орденінің толық кавалері туралы деректер бар.

Порталдағы ақпараттар ҚР Қорғаныс министрлігінің архиві мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық архивінен алынған ресми құжаттарға негізделген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сайтта майдангердің аты-жөні, туған күні мен жері, әскерге шақырылған уақыты сияқты нақты деректер бойынша іздеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, әрбір азамат өз туыстары туралы фотосуреттерді, майдан хаттары мен жеке естеліктерін жүктеп, портал қорын толықтыруға мүмкіндік алды. Сұрақтар бойынша 8 (7172) 44-62-78 (ішкі 150) нөміріне хабарласуға болады.

дереккөз: ҚР МАМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.