01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда онкологиялық көмек пен диагностика қолжетімділігі артуда

фото: t.me/DenMinPR
0 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде елімізде жоғары технологиялық онкологиялық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артып, Орталық Азиядағы алғашқы Протондық терапия орталығы ашылды және 14 заманауи сызықтық үдеткіш пайдалануға берілді.

2027 жылдың соңына дейін тағы алты аппаратты орнату жоспарланып отыр. Бұл шаралар жыл сайын шамамен 15 мың пациентті заманауи сәулелік терапиямен қамтамасыз етіп, қамту деңгейін 65%-ға жеткізуге және ем күту мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Бүгінде науқастардың басым бөлігі басқа өңірлерге сабылмай, өз аймағында ем қабылдауда.

Мұнымен қатар, заманауи диагностика бағыты да қарқынды дамып, Ақтау мен Қызылорда қалаларында жаңа ПЭТ-орталықтар жұмыс істесе, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе және Шымкент қалаларында осындай орталықтардың құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ барлық өңірде сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылды, ал 2029 жылға дейін тағы бес заманауи онкология орталығы салынады.

Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан бұл жаңғырту жұмыстары Қазақстанға 2027 жылға қарай сызықтық үдеткіштермен қамтамасыз етілу бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ұсынған деңгейіне қол жеткізуге жол ашады, бұл өз кезегінде елдің онкологиялық инфрақұрылымды дамыту қарқыны бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылардың бірі екенін және әлемдік озық практикаларды сәтті енгізіп жатқанын айғақтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.