01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда отандық фармацевтика нарығы мен экспорт көлемі айтарлықтай өсті

картина: t.me/DenMinPR
0 1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары отандық фармацевтика өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетіп, нарық көлемі 2023 жылғы 139,8 млрд теңгеден 2025 жылдың қорытындысы бойынша 191,1 млрд теңгеге немесе шамамен 40%-ға өсті.

Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында отандық өндірушілер 126,6 млрд теңгенің өнімін шығарып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық екенін көрсетті.

Бұл оң динамика мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралардың, соның ішінде Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынатын өнім тізбесін кеңейту, тіркеу кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, бағаны мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және заманауи өндірісті жергіліктендіру бойынша 8 ірі инвестициялық келісім жасаудың арқасында мүмкін болды.

Нәтижесінде сыртқы сауда саласында да жақсы көрсеткіштер тіркеліп, 2026 жылдың алғашқы төрт айында фармацевтикалық өнім экспорты 38,5 млн АҚШ долларын құрап, былтырғы кезеңнен 60%-ға жоғары өсім көрсетті, ал саладағы тартылған инвестициялар көлемі 2025 жылы 142,8 млн АҚШ долларына жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.