01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда неке заңнамасы қалай өзгереді?

картина ЖИ
0 34

Қазақстанда неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Министр ел Конституциясында некенің ер адам мен әйел адам арасындағы ерікті және тең құқықты одағы екендігі нақты бекітілгенін атап өтіп, осы бағытта тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Аталған жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, Ұлттық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енген.

Сонымен қатар діни салада қолданыстағы бірқатар маңызды қағидаттарға конституциялық мәртебе беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің теңдігі және діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітілді. Бұдан бөлек, рухани білім беру ұйымдарын қоспағанда, елдегі жалпы білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты да конституциялық деңгейде айқындалды.

Дереккөз: ҚР МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.