01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы аяқталды: Алда қандай өзгерістер күтіп тұр?

фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 29

Қазақстанда этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдин орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің атап өтуінше, «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылған. Осыған байланысты жақында «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты салалық жаңа тұжырымдаманы дайындау қолға алынды. Сонымен қатар әзірленген заңнамалық түзетулер пакеті аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі заң жүзінде нақты айқындалатын болады.

Дереккөз:primeminister.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.